Астанада концерт билетін сатамын деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Құзырлы орган азаматтарды онлайн билет сатып алғанда сақ болуға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы концертке билет аламыз деп сан соғып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларды Астананың 20 жастағы тұрғыны алдаған. Ол желіде билет сататыны туралы хабарландырулар жариялап, сатып алушылардан ақша алған. Алайда билеттерді жібермеген. Қаражат оның танысының банк шотына түскен. Полиция күдіктіден ұялы телефон тәркіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, келтірілген залал мөлшері мен жәбірленушілер саны анықталып жатыр.

Құзырлы орган азаматтарды онлайн билет сатып алғанда сақ болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Астанадағы жол апаты: Tesla-мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті