Биыл Оғыздардың бас қалаларының бірі Кескен-Күйікті зерттеу жұмыстары жалғасады
Асық ату ойыны оғыз заманынан басталған. Сыр өңіріндегі ортағасырлық Кескен-Күйік қалашығынан құнды жәдігерлерді тапқан археологтар осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазба жұмыстарының нәтижесінде қоладан құйылған екі асық алынған. Пішіні ұсақ малдың сүйегіне келеді. Мамандар "асық ойынының тарихы көне дәуірлерден басталғанын растай түседі" дейді. Қала орнынан табылған жәдігерлер қатарында мыс теңгелер, қоладан жасалған жебе ұшы тәріздес киім ілмектері, түрлі-түсті моншақтар бар. Биыл Оғыздардың бас қалаларының бірі Кескен-Күйікті зерттеу жұмыстары жалғасады.
"Зергерлік бұйымдар – оғыз қолөнершілері мен зергерлерінің жасаған керемет туындысы. Оғыз мәдениеті тек Сыр өңірі емес, Қазақстан тарихында үлкен кезең болды. Сондықтан Күйік-Кескен, Жанкент қалашығында әрі қарай археологиялық қазба жұмыстары жалғаса береді", – деді тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев «Ынтымақ Ордо» ғимаратына келді