Асыраушысынан айырылғандарға төлем қай кезде тоқтатылады

07.09.2026 21:42

Азаматтың жеке қажеттілігіне қарай әлеуметтік қорғау шаралары одан әрі де көрсетіледі

Almaty.tv

Асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Әсіресе отбасының негізгі асыраушысынан айырылған жағдайда, мемлекет заңнамаға сәйкес қажетті қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, туа біткен мүгедектігі бар азаматтарға да қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, оларға асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы мөлшерінде қосымша төлем тағайындалады.

"Бұл төлем кәмелет жасына толғанға дейін, ал оқуын жалғастырған жағдайда оқуын аяқтағанға дейін беріледі. Алайда төлем 23 жастан аспайтын мерзімге тағайындалады. Белгіленген жасқа толғаннан немесе оқуын аяқтағаннан кейін қосымша төлем тоқтатылады", —делінген ведомство хабарламасында.

Дегенмен бұл мемлекеттік қолдаудың толық тоқтатылғанын білдірмейді. Азаматтың жеке қажеттілігіне қарай әлеуметтік қорғау шаралары одан әрі де көрсетіледі. Олардың қатарында абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін ұсыну бар.

Тұрақты күтімді қажет ететін азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер де көрсетіледі. Бұл қызметтер арнайы ұйымдарда немесе үй жағдайында ұсынылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

Толық көрсету