Ата заң – тәуелсіздік тірегі: алматылық бүлдіршіндер құнды құжаттармен танысты

25.07.2025 20:55

Экскурсия аясында елдің ертеңі үшін ерен еңбек еткен азаматтардың өмірбаяны да таныстырылды

Алматылық бүлдіршіндер мегаполистегі мемлекеттік архивке барып, құнды құжаттармен танысты. «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» деп аталған іс-шара ел Конституциясының күніне арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен жауапкершілікті сіңіру, егемендіктің негізі болған Ата заңның қалыптасу жолын көрсететін архивтік құжаттармен танысу арқылы құқықтық мәдениетті арттыру. Экскурсия аясында елдің ертеңі үшін ерен еңбек еткен азаматтардың өмірбаяны да таныстырылды.

«1995 жылы Қазақстанның Конституциясының референдумы өтті. Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып, «Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің» тірегі атты іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл іс-шараға Алматы қаласының мәдени орталықтары, оқу орталықтарының шәкірттері қатысып жатыр», – деді Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Алтынай Баданбекова.

Оқи отырыңыз: Конституция - әділет пен парасат жолы: Алматыда кітап көрмесі өтті