Ата заңдағы өзгерістер адам құқығын қорғауды күшейтті - сарапшы

03.06.2026 16:53

Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер азамат пен мемлекет арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған

«Ата заңдағы өзгерістердің басты мақсаты – адам құқығын қорғауды күшейту. Ал Конституциялық соттың құрылуы заң үстемдігін нығайтты». Сарапшылардың пікірі осындай. Реформалар аясында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі де артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер азамат пен мемлекет арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Ал Конституциялық сот құрылғалы бері азаматтардан 16 мыңнан астам өтініш түскен.

«Барлық нормативтік-құқықтық актілердің Ата Заңымыз, Конституциямызға сәйкес екендігін, әлде сәйкес еместігіне байланысты Конституциялық сот шешімін шығарады. Елімізде жеке тұлғаларға, мемлекеттік органдар конституциялық шешім аясында қабылданған қаулыларды орындау міндетті. Конституциялық соттың қабылданған қаулылары аясында еліміздегі құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі», – деді мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ардақ Ахметов.

Оқи отырыңыз: Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді