Аймақта 70 мыңға жуық адам құжат тапсырған
Қызылорда облысында биыл атаулы әлеуметтік көмектен 1,2 миллиард теңге қаржы үнемделген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Яғни осы санаттағы көмек алушылар саны өткен жылдағыдан 15 мыңға қысқарған. Мемлекеттік қолдаудың шын мұқтаждарға берілуін мониторингтік топ өкілдері зерделеу барысында анықтаған. Олардың қатарында көмектен өз бетімен бас тартқандар, табысын жасырғандар, жалған құжат ұсынғандар да бар. Атаулы әлеуметтік көмекті беру басталған уақытта аймақта 70 мыңға жуық адам құжат тапсырған. Облыс әкімінің қаржыға мұқтаж кісілерге берілуі керек деген тапсырмасынан кейін мониторнигтік топ құрылып, жұмыс күшейтілген. Нәтижесінде бүгінге дейін 37 мың адам қысқарған.
"Мониторингтік топпен 2 жыл 10 айдың ішінде 54 пайызға азайды. 70 мыңға жуық адам болса, қазір 32 мыңға жуық адам АӘК алып отыр. Ал 38 мыңдай адамға төлем тоқтатылды. 2022 жылдан бастап 3,3 млрд теңге қаржы үнемделіп отыр. Кеше бір азаматшаның 2 млн 900 мың теңге алған. Соттың шешімі шығып тұр. Бүгінгі күні қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев.
Оқи отырыңыз: Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады