Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Халық қалаулысы егде жастағы азаматтың зәре-құтын қашырды. Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мәслихатының депутаты Ахмет ауылында 60 жастағы ақсақалды атып өлтіремін деп қорқытқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Артынша ол жергілікті тұрғынға пышақпен де сес көрсеткен. Онысы аздай, азамат көлікті мас күйде тізгіндеген. Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған: Қызылағаштағы салынған үйлерге қатысты дау шықты
–Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Су да, жылу да жоқ: ақтаулықтар жылыту пешін қосуға мәжбүр