Атырау облысында 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

03.05.2026 10:39

Азаматтарға елімізде болу талаптары мен мерзімін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Атырау облысы Жылыой ауданында шамамен 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, Жылыой ауданының Теңіз қалашығында көші-қон қызметі қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру мақсатында кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.

"Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды.

Оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Азаматтарға елімізде болу талаптары мен мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиісті шаралар қабылдануда.

Оқи отырыңыз: Алматыда композиттік газ баллондарын шығаратын жаңа зауыт салынып жатыр