Атырау облысында 8 жастағы қызды зорлаған ер адам ұсталды

Баланың денесі жер қойнына тапсырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында 8 жастағы қызды зорлап, өлтірген 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 5 маусымда болған. Тапа тал түсте 1-сыныптың оқушысын ертіп бара жатқан азаматтың әрекеті бейнебақылау камераcына түсіп қалған. Тәртіп сақшыларының сол күнгі іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыздың денесі өзен жағасындағы қамыстардың арасынан табылған. Баланың денесі жер қойнына тапсырылды.

«Бала жоғалғаны туралы хабар түскен бойда барлық күш жұмылдырылды. Өкінішке қарай баланың мәйіті табылды. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз. Мұндай қылмыстарға ешқандай ақтау жоқ. Кінәлі ең қатаң жазасын алады», – деді Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте ауаға таралатын зиянды шығындылар артқан

Новости партнеров