Атырау облысында келіні қарт енесін пышақтап өлтірген

31.01.2026 14:35

Қайғылы оқиға болған күні үйде тек марқұм мен оның 38 жастағы келіні ғана болған

Аlmaty.tv

Қызылқоға ауданында 82 жастағы әйел өз үйінде қаза тапты. Зейнеткер ұзақ уақыт бойы ауыр науқастанып, төсекке таңылған және тұрақты күтімді қажет еткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні үйде тек марқұм мен оның 38 жастағы келіні ғана болған.

"Әйел асүй пышағымен қарт туысына шабуыл жасап, басы мен денесіне кемінде төрт рет пышақ сұққан. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында жүргізілген сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар оның созылмалы психикалық дерт — параноидты шизофрениямен ауыратынын көрсеткен.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады