Атырау облысында ойсылқара тұқымынан індет тарауы мүмкін

Жергілікті әкімдік әзірге ақпаратты растаған жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысына қарасты Исатай ауданы Арқар ауылында ойсылқара тұқымынан белгісіз індет тарауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін әлеуметтік желіде құтырмаға шалдыққан түйенің видеосы кең тарап кеткен еді. Қазір мамандар өңірдегі қос өркештілерді оқшаулап, бақылауға алған. Ал аталған дерт өзге де төрт түлікке жұға ма деп алаңдаған шаруалар мәселеге ерекше мән беруді сұрайды.

Айта кетейік, жергілікті әкімдік әзірге ақпаратты растаған жоқ. Олар тек аурудың алдын алу жұмыстарын күшейттік деп отыр.

Түйенің жаппай қырылуы Құрманғазы ауданының бірнеше ауылында тіркелгенін еске салайық.  Сараптама қорытындысы шықпады.

«Бұл видеода келтірілген ақпарат әзірге ресми расталмағандығын ескертеміз. Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты шаруагердің түйе малы ветеринар мамандардың қарауымен құтыру ауруының белгілеріне ұқсас болғандықтан әзірге күдікпен оқшауландырылды. Түйе ветеринар мамандардың бақылауында.  Исатай ауданы бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты», – деді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрберген Өтегенов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен әскери тікұшақтың бөлшектері табылды

Новости партнеров