Атырау облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Egor Ivlev/unsplash.com/
Egor Ivlev/unsplash.com/

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы кеше 15 шілдеде болған. 

"Күндізгі сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жолдың 814-шақырымы тұсында Toyota Ipsum және EXEED автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Оның арасында көліктің жүргізушілері бар. Ал, 2-еуі — EXEED көлігінде болған жолаушылар", — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, бұл ауданның аумағында 15 шілдеде сағат 22:15 шамасында тағы да жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған бағыттағы жолдың 856-шақырымында Toyota Crown және GAV GA8 автокөліктері сиырға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру амалдары басталды.

 Оқи отырыңыз: Қазақстанның 6 компаниясы Иорданияға қой мен сиыр етін экспорттайды

Новости партнеров