Атырау облысында жылқылар жаппай қырылып жатыр

Мамандардың айтуынша, жылқылар аштықтан қырылуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Исатай ауданында жылқылар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қамысқала округіне қарасты аумақта елуге тарта жылқы сеспей қатқан. Шаруалар биліктен көмек сұраудан басқа амалымыз қалмады деп отыр. Ал мамандардың айтуынша, жылқылар аштықтан қырылуы мүмкін. Өлі малдың көбі ветеринария базасына тіркелмеген.

«Мамандардың нұсқамасына сәйкес, аталған жануарлар аштықтан көтерем болуына байланысты өлуі мүмкін. Соған қарамастан аудан әкімдігі тарапынан аудандағы кәсіпорындармен бірлесе отырып, тұрғындарды арзан мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда», – деді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрберген Өтегенов.

Оқи отырыңыз: Оқушылар қашықтан оқуға көшті: Өскеменде ауаның ластану деңгейі қауіпті шекке жетті

Новости партнеров