Атырау облысының тұрғыны мас күйде мотоцикл айдағаны үшін қамауға алынды

04.06.2025 09:26

Бұл әкімшілік іс Қызылқоға аудандық сотында қаралды

Harley-Davidson/unsplash.com/

Атырау облысының тұрғыны мотоциклді мас күйде айдаған. Сот оны 20 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл әкімшілік іс Қызылқоға аудандық сотында қаралды. Мұқыр ауылында тұратын Е.-ге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік іс қозғалған. 

"Сот Е.-нің көлік құралын басқару құқығы болмағанын анықтады. Соған қарамастан құқық бұзушы Мұқыр ауылының көшесінде «BAIGE-200» маркалы мотоциклді алкогольдік масаң күйде айдаған. Құқық бұзушы Е. өзінің кінәсін толық мойындады. Жасаған әрекетіне өкініп, отбасындағы жалғыз асыраушы болғандықтан, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады", - деп хабарлады аудандық соттан. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. әкімшілік іс қозғалған бапқа сәйкес кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақмолада күзетшіні трактор басып кетті