Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті
Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
- Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисі ұстады. Ақшаның бір бөлігі – 4 миллион теңге делдал арқылы берілген, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Басқа адамдардың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 190 жер телімі заңсыз пайдалануға берілген