Мамандар вакцина көптеген қауіпті ауруларды болдырмаудың ең тиімді жолы екенін айтады
Атырауда балалар арасында қызылша, көк жөтел ауруы күрт көбейген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Дәрігерлердің айтуынша, бұған басты себеп - вакцина алмауы. Бұл жағдай балалар арасында жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан ақ халаттылар тұрғындарды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе алуға шақырып отыр. Мамандар вакцина көптеген қауіпті ауруларды болдырмаудың ең тиімді жолы екенін айтады.
«Атырау облысында 6 айлық қорытынды бойынша екпемен қамтылған балалардың пайызы 20,6 пайыз. Өкінішке қарай, көрсеткіш төмен. Сондықтан ата-аналар екпе туралы жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Қазіргі таңда екпеден бас тартатын ата-аналар саны күннен күнге өсіп жатыр. Ата-аналармен жеке жұмыс жасаған кезде олардың кейбірі діни сенімге иек артып, әлеуметтік желілерге жарияланған жалған ақпаратқа сене отырып, екпеден бас тартады», – деді № 2 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі ¤Наргүл Ғайнетова.
Оқи отырыңыз: Жасыл дәліз: қатерлі ісікті емдеуде қандай жаңа қағидалар енгізіліп жатыр