Атырауда бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған күдікті қолға түсті

06.03.2026 13:58

Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Атырауда бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған күдікті қолға түсті. Сақшылар 39 жастағы қала тұрғынын «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұстаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Белгілі болғандай азамат қоғамдық көліктерде түрлі бұйымды қолды қылып, ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп отырған. Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір ер адам қамауға алынды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру  жүргізілуде. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деді Атырау облыстық ПД қпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.

Оқи отырыңыз: Елімізде жүзден астам кәсіпорынның қызметкерлерге 284 млн теңге қарыз екені анықталды