Атырауда ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен

28.09.2024 в 14:40

Оны ТЖМ қызметкерлері құтқарып қалды

Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен суға секірген адам құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ТЖМ баспасөз қызметіне сілтемие жасап.

«Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар ықшамауданында жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.

Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп, есін жидырды», - делінген хабарламада.

Құтқарылған адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.

Оқи отырыңыз: Адам да, мал да мұзға түсіп кететін: Түркістан облысында жыр болған көпір салынды ма