Атырауда есірткі өсіретін фитозертхана анықталды

Есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғыны ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда полицейлер есірткі өсіруге арналған фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы аясында есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде фитозертхана ретінде жабдықталған сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.

Дереккөз: Polisia.kz 

Оқи оырыңыз: Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға үкім кесілді

Новости партнеров