Атырауда қоғамдық көлік жүргізушісі адамды қағып кетті

30.10.2026 19:31

Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексерісті бастады

Атырауда қоғамдық көлік жүргізушісі велосипед мінген адамды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі жолда тұрған велосипедшіні байқамай қалған. Жол апатынан зардап шеккен 34 жастағы тұрғын беті мен аяғынан жарақат алған. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберіпті.

Ал полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексерісті бастады.

«30 қазанда сағат 09:00 шамасында Мұхтар Әуезов көшесі бойында қоғамдық автокөлік велосипед жүргізушісін қағып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан велосипед жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр», – деді  ¤Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

   Оқи отырыңыз:  Оңтүстік шекара: Көлік ағыны қайта бөлініп, бекеттер жаңғыртылуда

Толық көрсету