Атырауда қамыс өрті әлі сөндірілмеді
Соңғы ақпаратқа сәйкес, 980 гектар аумақ күлге айналған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда үш күн бұрын басталған қамыс өрті ырық бермей тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға орнында 100 шақты адам мен 25 техника жұмыс істеп жатыр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Жалын 31 мамырда Дамбы ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан «Ақжайық» резерватында басталған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 980 гектар аумақ күлге айналыпты. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.
«Рейдтік шаралар, түсіндіру жұмыстары жүргіземіз. Былтырмен салыстырғанда резерваттың аумағындағы бірінші өрт, өткен жылы ешқандай оқиға тіркелмеді», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дәурен Берденов.
Оқи отырыңыз: Құлсарыдағы жарылыс: науқастардың жағдайы белгілі болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15