Атырауда оқушы смартфонға тәуелділікті азайтатын құрылғы ойлап тапты

11.10.2024 16:30

"JASUP" әлеуметтік жобасы техникалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған

Almaty.tv

Атырауда робототехникаға қызығушылардың қатары көбейіп келеді. 10-сынып оқушысы құрастырған құрылғы балалардың смартфон мен гаджеттерге деген тәуелділігін азайтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Асыланға идея екі ай бұрын келген. Өнертапқыш қиялын алдымен қағаз бетіне түсіріп, кейін үйірме сабағында практика жүзінде көрген. Ақылды роботтардың көмегімен кәдеге жарар құрылғы ойлап тапқан ол «Мини Суммо» деп аталатын 2 роботты алдымен арнайы сканерден өткізген.

"Телефонға көп қараған зиян. Робототехникамен айналысқан жөн, екі қолмен жұмыс істейсің миға өте пайдалы. 2019 жылдан бастап, түрлі роботтарды жасап келемін. Робототехникамен айналысқан өте қызық", – деді өнертапқыш Нұрсұлтан Асыланұлы. 

"JASUP" әлеуметтік жобасы техникалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл жерде өзге оқушыларға да шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Әрі белгілі мамандар жас өнертапқыштарға бағыт-бағдар береді.

"Мектептің мұғалімдерін шақырып, оларға принтермен жұмыс істеуді үйреттік. Олар жұмыс жасап жатыр. Балаларға бәрін үйретіп келеміз", – деді  «Jasup» әлеуметтік жобасының авторы Асқар Алдан.

Ұйымдастырушылар «облыс орталығы ғана емес, аудандардағы оқушылардың да деңгейі жоғары» дейді Ал робототехника байқауына қатысушылардың жыл сайын артуы – саланың қарқынды дамып келе жатқанына дәлел.

Жұлдыз Қайратқызы, Фархат Тәжібаев, Атырау облысы

Оқи отырыңыз: «Алатау» театры жаңа маусымды музыкалық комедиямен ашады