Атырауда Полиция басқармасының бұрынғы басшысы тергеу изоляторына қамалды

20.04.2026 14:36

Бақтыбек Исаев құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған

Атырау қаласы Полиция басқармасының бұрынғы басшысы Бақтыбек Исаев тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін ол уақытша ұсталған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Жауапты ведомство мәліметінше, тергеу амалдары заттай айғақ ретіндегі есірткі заттарына байланысты жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ лауазымдық өкілеттіліктерді асыра қолдану деректері тексерілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, іс аясында қылмыстық істермен және заттай айғақтармен жұмыс істеудің түрлі деңгейіне қатысы бар полиция қызметкерлерін қосқанда 17-ге жуық адам тергелуі мүмкін.

Еске салайық, Бақтыбек Исаев құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Ал 2024 жылдың мамырында қалалық Полиция басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

«Жүргізіліп жатқан жоспарлы қызметтік тексеру барысында Ішкі істер министрлігі Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан құқыққа қайшы әрекет фактілерін анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деді ҚР Iшкi iстер министрлiгiнің баспасөз қызметі.

Оқи отрыңыз: Маңғыстауда жылқылар қырылып жатыр