Ашуға булыққан жүргізуші жолаушыға үшкір затпен зақым келтірген
Атырау қаласында такси жүргізушісі мен жолаушы арасында туындаған өзара түсініспеушілік салдарынан тұрғын дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, екі ер адамның арасындағы жанжал асқынып, соңы төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Ашуға булыққан жүргізуші жолаушыға үшкір затпен зақым келтірген. Қазіргі уақытта зардап шеккен азамат дәрігерлердің бақылауында жатыр, мамандар оның денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, қамауға алды.
«Атырау қаласында такси жүргізушімен жолаушы арасында туындаған жанжал дерегіне қатысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», – деді Мейірім Ердәулет, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып қалғандарға көмекке келді