Атырауда тергеу изоляторының бастығына сот үкімі шықты

elements.envato.com
elements.envato.com

Сотталушы кінәсін толықтай мойындады 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау соты пара алғаны үшін айыпталған ҚАЖД №75 мекеме бастығының міндетін атқарушыға 30 млн теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті «№75 мекеме» бастығының міндетін атқарушы пайдакүнемдік және заңсыз материалдық баю мақсатында пара берушінің інісін шарушылық жұмыстарына қалдырылған тұлғалардың санатына ауыстырып, тергеу изоляторында қалдыру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған», - делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібімен келіп түсті, сотталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығына және оның жол берілетініне дау келтірмей, сот отырысында оның зерттеуін талап етпегендіктен сот талқылауы қысқартылған тәртіппен қаралды.

Прокурор сотталушыға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, «әділет подполковнигі» арнайы шенінен айыруды сұрады.

Сотталушы кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұрады.

«Сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі – жаза мен қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге (параның 30 еселенген сомасы) мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды. Ол «әділет подполковнигі» арнайы шенінен айырылды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды

Новости партнеров