Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Томарлы ауылында тіркелген. Анықталғандай, үй ішінен ерлі-зайыпты мен 72 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Олар жедел жәрдем қызметкерлері келгенше көз жұмған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің болжамынша ақау газбен жұмыс істейтін жылыту пешінен болуы мүмкін. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Үш адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта өлімінің нақты себебін анықтау үшін Полиция департаменті қызметкерлерімен сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Атырау облыстық ТЖД газ қондырғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады», – деді Атырау облыстық ТЖД бас маманы Бекзада Тәжібаева.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жолдарда тұздың орнына не қолданылады

Новости партнеров