Атырауда үш жастағы бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

11.11.2025 19:42

Бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған

Атырауда үш жастағы бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қаладағы Азаттық көшесінде бүгін түс ауа тіркелді. Анықталғандай бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған. Дәрігерлер бөбектің өмірін сақтап қала алмады. Өйткені, алған жарақаттары ауыр болған. Көпқабатты тұрғын үй халқы бұған дейін де мұндай жағдайдың қайталанғанын айтады. Ал қайғылы жағдайдан соң, төтеншеліктер терезе бекіткішін орнату туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта  9 бала терезеден құлаған. 

«Сағат 12-00-де көпқабатты үйдің балконынан 2022 жылғы нәрестенің құлады. Алған жарақаттарынан бала ауруханада қаза тапты. Осыған орай Атырау облысының ТЖБ ата-аналардан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз және жалғыз қалдырмауды сұрайды», – деді Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Қымбат Көпбаев.

Оқи отырыңыз: Депрессияға ұшыраған қызметкерлер екі ай жұмыстан босатылады