Атырауда жасөспірім автобустың астына түсіп қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жасөспірім жедел жәрдем көлігінде алған жарақатынан көз жұмды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Авария Тасқала ықшамауданында болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 тамызда сағат 13:30 шамасында Тасқала ықшамауданында қайғылы жол апаты болды.

«Автобус аялдамасының жанында 2015 жылы туған жасөспірім жолды кесіп өтпек болған сәтте көлік астына түсіп мерт болды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, жасөспірім жедел жәрдем көлігінде алған жарақатынан көз жұмды», - делінген хабарламада.

Полиция тұрғындарға үндеу жасады: жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өту қажет; көлік жүретін аумаққа жақындағанда барынша сақ болу керек; ал жүргізушілер аялдамалар мен тұрғын үй аумақтарының маңында жылдамдықты міндетті түрде төмендетуі тиіс.

 

Новости партнеров