Атырауда жолдарды жөндеуге 16 млрд теңге бөлінді

Биыл 161 көшеге 67 шақырымға жуық жол салынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда тоз-тозы шыққан жолдарды жөндеуге 16 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір Сәтпаев даңғылы мен Атырау-Астраханның қалаға қарасты бөлігін жаңғырту жұмысы басталды. Қаражат қала ішіндегі және бірнеше маңызы бар тас жолдарды жөндеуге бағытталып отыр. Жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын орталық көшелер де қалпына келтірілмек. Биыл 161 көшеге 67 шақырымға жуық жол салынады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

 «Қала аумағында күрделі, орташа жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 1 сәуірден бастап Жарбосынов көшесінде жөндеу басталады. Жарбосынов, Ерниязов көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Азаттық және Махамбет көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ауылдық округтер мен қала аумағындағы жолдардың барлығы 50 мың шаршы метр жол қайта ағымдық жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр», – деді қалалық әкімдіктің ресми өкілі Ғасырбек Төлеген.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді  

 

 

 

 

 

Новости партнеров