Қазіргі уақытта аумақта өрттің қайта тұтануының алдын алу мақсатында қосымша мониторинг жұмыстары жүріп жатыр
Жедел қызметтер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіріп және оқшаулап, оның аумақтан тыс жерлерге таралуына жол берген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС-інен барлығы 35 техника және 65 адам жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы 2500 шаршы метр шамасында.
Қазіргі уақытта аумақта өрттің қайта тұтануының алдын алу мақсатында қосымша мониторинг жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.
Облыста қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жүйесін жаңарту бағытында кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр. Бүгінде 50 гектар аумақта жаңа полигон салу және қолданыстағы полигонды рекультивациялау бойынша мердігер ұйымдар анықталды.
Оқи отырыңыз: Жағымсыз иіс: Атыраудағы қоқыс полигонынан өрт шықты