Әуе компаниясы тоқтату себебін айтпады
Атырау мен Орал қалалары арасында қатынап жүрген әуе рейсі 1 қарашадан бастап ұшпай қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мекеменің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Qazaq Air әуе компаниясынан Атырау-Орал бағытындағы тұрақты ұшулар 1 қарашадан 28 наурызға дейін тоқтатылады деген хабарлама келген.
"Аталмыш рейс аптасына 4 рет ұшып жүрген. Әуе компаниясы тоқтату себебін айтпады. Сонымен қатар Атырау-Ақтөбе бағытындағы рейс те жабылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде Оралдан Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қаласына әуе рейстері қатынайды.
Дереккөз: Kazinform