Атырауды ер адам бойжеткенді соққыға жықты

24.06.2025 13:43

Қылмыстық іс тіркелді

Almaty.tv

Атыраудағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның бойжеткенді соққыға жыққан сәті бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған оқиға таңнан бері түрлі әлеуметтік желіде кең тарап кетті. Бейнеден байқағанымыздай, дәлізде тұрған жігіт әуелі қыздың басынан, кейіннен бүйірінен ұрып, артынша тепкінің астына алады. Оқиға жеделсаты ішінде де жалғасқан. Ал бірер минуттан соң көршілердің бірі сыртқа шығып, қызды үйіне кіргізеді. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

«Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Атырау облыстық Полиция департаментінің бөліміне жеткізілген. Аталған дерек бойынша «Ұрып-соғу» бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзірге өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жарияланбайды» – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Шымкент тұрғыны адамдарды өлтіруге шақырған