Өнер байқауында әлемнің 19 елінен жас өнерпаздар бақ сынады
Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған гимназия оқушысы Дильназ Ежірова Грецияда өткен "Greece Hope" халықаралық фестивальде бас жүлде алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлемнің 19 елінен жас өнерпаздар қатысқан байқауда Дильназ ағылшын тілінде "Love story " әнін орындап, керемет дауысымен әділ-қазылар алқасын тамсантты.
13 жасар Дильназ – республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген өнерпаз. Білікті ұстаз, вокал сыныбының мұғалімі Алма Нұрашеваның шәкірті.