Алыс бағыттағы пойыздардың құрамына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізілді
Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ жолаушылардың қозғалыс мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша шараларды қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін іске қосылған қала маңындағы электр пойыздарымен қатар, компания стандартты пойыздарда жолаушыларды отырғызуды ұйымдастырады.
Теміржол көлігінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында төмендегі алыс бағыттағы пойыздардың құрамына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізілді:
ҚТЖ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
Оқи отырыңыз: Орташа жылдамдықты сақтау: Алматы - Бішкек тас жолында жаңа бақылау жүйесі орнатылды