Ауа райының күрт құбылуына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

30.12.2025 14:07

Авиация әкімшілігі терминалдағы хабарландыруды назардан тыс қалдырмауды ескертеді

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар әуе рейстері кешігуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Қарағанды, Шымкент, Атырау, Өскемен, Алматы, Петропавл, Ақтөбе және Мәскеу қалаларынан елордаға қатынауы тиіс 14 ұшақ уақытында жолаушыларды жеткізе алмай отыр. Сондай-ақ бір әуе рейсінің ұшуы кейінге қалдырылды. Ал Астанадан ұшып шығуы тиіс бес әуе кемесі белгіленген кесте бойынша ұша алмады. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлімдеді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

«Қазіргі уақытта әуежай аумағында күрделі метео жағдай сақталуда. Бұл мұз қатқан жаңбыр жауып жатыр. Бұл рейстердің орындалуына әсер етуде. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдап отыр. Жолаушылардан әуежайдың онлайн таблосындағы ақпартты сондай-ақ авиакомпаниялардың хабарламаларын қадағалап отыруды сұраймыз», – деді Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі Науат Айтуғанова.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылда қазақстандықтар неге дайын болу керек