Ауа сапасын қалай жақсатуға болады: Алматыда жаңа жоба таныстырылды

13.04.2026 16:41

Көршілес елден келген өндірушілер дизельді темір тұлпарларды кезең-кезеңімен тоқпен жүретін машинаға ауыстыру керек екенін айтты

Алматыда ауа сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жоба таныстырылды. Қытайлық компания мегаполиске электрлі жүк көліктерін әкелуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың сөзінше, шаһардағы ауаның ластануына бірден бір себеп - автокөлік, әсіресе жүк және коммерциялық техниканың көптігі. Сондықтан, көршілес елден келген өндірушілер дизельді темір тұлпарларды кезең-кезеңімен тоқпен жүретін машинаға ауыстыру керек екенін айтты. Ал бұл –экологияны жақсартуға арналған кешенді шешім.

Айта кетейік, қытайлықтардың аккумуляторы сағатына 140 киловатт болатын көлігі толық жүктемемен шамамен 260 шақырымға дейін жүре алады. Яғни, бір тәулікте қаланы түгел жүріп өте алады. Егер бастама мақұлданса, жұмыс бірнеше кезеңнен тұрмақ. Алдымен қалада арнайы «таза аймақтар» енгізіледі. Сол жерлерде ауаға зиянды газ көп шығаратын ескі көліктердің жүруі шектеледі немесе ақылы болады. Соған сай, тоқпен жүретіндерге басымдық беріледі. Кейін аталған жүйе кеңейтіліп, электр көліктерін қуаттайтын стансалар мен оларға қызмет көрсететін инфрақұрылым жасалады.

«Алматыда жолдар мен көлік жүйесі негізінен дайын. Яғни электрлі жүк көліктерін қазірдің өзінде қолдануға болады. Әсіресе қоқыс шығару, коммуналдық қызмет, азық-түлік жеткізу сияқты салаларға ыңғайлы. Бірақ басты мәселе — оларды қуаттайтын стансалар әлі жеткіліксіз. Яғни көліктің өзі бар, бірақ оны зарядтайтын орындар аз. Сондықтан қажет болса, компаниялар өздеріне арнайы зарядтау орындарын орната алады. Сонымен қатар бұл бағытты дамыту үшін мамандар керек. Көлікті жөндеу, қызмет көрсету жүйесі де қатар дамуы тиіс», – деді инженер Руслан Саринов. 

Оқи отырыңыз: Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді