Ауғанстандағы жер сілкінісі: Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ

Ауғанстанда өткен жексенбіде магнитудасы 6,0 жер сілкінісі болғанын еске салайық

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Сенат кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Еске салайық, Ауғанстанда өткен жексенбіде магнитудасы 6,0 жер сілкінісі болды. Зілзаладан қаза тапқандардың саны 1400-ден асқан. Ресми деректерге сүйенсек, 3 мыңнан астам адам жарақат алып, 8 мыңнан астам үй қираған. Кунар провинциясы ең көп шығынға ұшырапты. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Сарапшылар қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны алдағы уақытта өсуі мүмкін екенін ескертеді.

«Біздің мәліметіміз бойынша, әзірге зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Әрине, бұл мәселе Кабулдағы елшілігіміздің бақылауында. Күн сайын тұрақты түрде бақылау жүргізіліп отыр», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: Түркістан облысында 11 тұрғын көз жұмды

Новости партнеров