Шомылу маусымы: Түркістан облысында 11 тұрғын көз жұмды

Елімізде шомылу маусымы 31 тамызда аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында биыл 22 адам суға кетіп, 11 тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марқұмдардың арасында 6 бала бар. Қайғылы оқиғаның дені суға түсуге тыйым салынған жерлерде болған. Төтеншеліктердің айтуынша, жыл басынан бері аймақта 2,5 мыңнан астам рейд жүргізіліпті. 151 адамға хаттама толтырылып, 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Айта кетейік, елімізде шомылу маусымы 31 тамызда аяқталды. Бірақ ережені ескермейтіндер өмірін қатерге тігіп жүр.

«Оқу жылы басталды. Ата-аналарға айтарым, балаларды қараусыз қалдырмай, үнемі бақылауда ұстауды шақырамын. Сабақтан қайтып келе жатып, былтыр қыркүйекте екі жағдай тіркелген. Сол жағдай қайталанбауы керек», – деді Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсен.

Оқи отырыңыз: Жетісуда жаз мезгілінде 4 адам суға батып кеткен

Новости партнеров