Ауқымды құрылыс жобаларын мұқият іріктеп, қатаң бақылау қажет – Президент

Almaty.tv.
Almaty.tv.

Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат осы міндетті кәсіби тұрғыдан мүлтіксіз орындауға дайын болуы керек екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару сапасын толық жақсартып, ірі жобалардың жүзеге асырылуын қатаң бақылауды тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, инфрақұрылымды жаңғырту, жаппай цифрландыру және индустрия саласын дамыту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлініп жатыр. Жеке инвестиция да тартылуда.

"Осы орайда, мына мәселеге назар аударғым келеді. Ауқымды құрылыс аясындағы жобаларды мұқият іріктеу, сенімді компаниялармен жұмыс істеу және бастаманы жүзеге асырудың әр кезеңін жіті бақылау өте маңызды", – деді Президент.

Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат осы міндетті кәсіби тұрғыдан мүлтіксіз орындауға дайын болуы керек екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Аймақтар жекелеген салаға немесе кәсіпорынға тәуелді болып қалмауға тиіс – Президент