Ауруханаға жеткізілді: Қызылордада мектеп оқушылары бұрыш баллонынан уланған

04.10.2024 18:29

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда қаласында мектеп оқушылары жаппай бұрыш баллонынан уланды. Оған 7-сынып оқушысының әжетханаға бұрыш спрейін себуі себеп болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Соның салдарынан мұғалімдер түскі ауысымдағы сабақты тоқтатып, оқушыларды эвакуациялауға мәжбүр болған. Ал жағдайы қиындаған 23 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінсе, 5 оқушы әлі де ауруханада ем қабылдап жатыр.

Өткір иістен уланған жасөспірімдер жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

«№9 мектептен белгісіз өткір иісті затпен уланумен келіп түсті. 23 баланың 5-еуі жағдайларының ауырлығына байланысты бөлімшеге жатқызылды. Бір бала реаниматолог-дәрігердің бақылауында жатыр. Түскен кезде балалардың жағдайы жүрек айну, бас айналу, ішінің ауырсынуына шағымданып келді», - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнұр Өкісікбаева.

Оқи отырыңыз: Белгісіз вирус тарап жатыр: Петропавл тұрғындары дабыл қақты