Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру: Алматыда халықаралық конференция өтті

15.06.2026 14:27

Сала мамандары геокеңістіктік технологияларды дамыту, цифрлық картографияны жетілдіру және жер ресурстарын тиімді басқарудың тың тәсілдерін ұсынды

Алматыда жер ресурстарын басқару және оны цифрландыру мәселесі талқыланды. «Ашық геодеректер мен ауыл шаруашылығының цифрлық карталары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ғылыми қауымдастық және халықаралық ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv 

Сала мамандары геокеңістіктік технологияларды дамыту, цифрлық картографияны жетілдіру және жер ресурстарын тиімді басқарудың тың тәсілдерін ұсынды. Оны тиімді игеру үшін мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өзекті мәселені ақылмен  шешу керек, дейді конференцияға қатысушылар. Іс-шараны «ГИСХАГИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ұйымдастырған.

«Кәсіпорын ғасырға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Алдыңғы жылы Қазақстанда ең ауқымды 2 жобаны іске асырдық. Ол ауылшаруашылық жерлерін цифрландыру және сол ауылшаруашылығы карталарын жаңағы ашық картаға аударып, бүгінгі күні оның бәрі картаграфиялық веб сервисте жарияланған», – деді Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының директоры Нұрбол Салыбеков.

Оқи отырыңыз: Интернетте балағат сөз айтқандарға айыппұл енгізілмек