Ауыр соққыдан көз жұмған: Таразда қатарласын өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

14.01.2026 14:59

Сот айыпталушының ата-анасын марқұмның отбасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді

Таразда мектеп қабырғасында қатарласын соққыға жығып, бақилық қылған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай былтыр қыркүйекте №47 мектеп болған. Екінші сабақтан соң 9 сынып оқушылары мектеп әжетханасында жиналып, өзара дауласқан. Арты төбелеске айналып, соққы тиген 15 жастағы жәбірленуші мойынынан жарақат алған. Ол жәдел жәрдем келгенше көз жұмды. Сот үкіміне сәйкес, жасөспірім шамамен 7 жылын түзеу мекемесінде өткізеді. Сонымен қатар сот айыпталушының ата-анасын марқұмның отбасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. 

«Кәмелетке толмаған құрдасы А-ға қатысты физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Мойын жарақатының нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қаза болған. Сот тергеу барысында кәмелетке толмаған сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл, 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлайды Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Байназаров.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сатқан 4 тұрғын ұзақ жылға сотталды