Авиакомпаниялар әкімшілік жауапқа тартылды

15.04.2026 13:47

Олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында ірі көлемде МӘМС қаржысын жымқыру дерегі анықталды