Автокөлік жууға ауызсуды пайдалануды шектеу бойынша Су кодексіне түзетулер әзірленді

29.10.2026 12:43

Қазақстанда ирригациялық желілерді жаңғыртуға 1 трлн теңге инвестиция тартылды

Depositphotos.com

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Министрлік су саласын реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы бағыттағы маңызды нәтижелердің бірі жаңа Су кодексінің қабылдануы. Бұл туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымын тартылған инвестициялар көлемінен де көруге болады. 2023 жылғы қыркүйектен бері су саласының негізгі капиталына шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Осы кезеңде 1,4 мың шақырымнан астам канал, 5 су қоймасы және 8 гидротехникалық құрылыс реконструкцияланды», — деді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің мәліметінше қазіргі уақытта 4,6 мың шақырымнан астам ирригациялық желі жаңғыртылуда. Биыл оның 964 шақырымын аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.

«Заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында автокөлік жуу орындарында технологиялық мақсаттарға орталықтандырылған ауызсуды пайдалануды шектеу бойынша Су кодексіне түзетулер әзірленді», — деді министр.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі ұлғаяды

Толық көрсету