Автомектеп: 700-ден астам оқу тобының жұмысы уақытша тоқтатылды

Жүргізушілерді даярлайтын оқу орындарында өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жүргізушілерді даярлайтын оқу орындарында өрескел заңбұзушылықтар анықталып, 700-ден астам оқу тобының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құзырлы орган мәліметінше, кейбір оқу ұйымдарында автодромдар қажетті жол белгілерімен, таңбаларымен және жарықтандыру жүйесімен толық жабдықталмаған. Сонымен қатар, 59 автомектептің техникалық байқаудан өтпегені және сақтандыру полисі жоқ көліктердің оқу процесіне пайдаланылғаны анықталған.

 «Автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу «Автомектеп» ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады. «Автомектеп» ақпараттық жүйесі көмегімен онлайн режимде берілген куәліктің заңдылығын, сағаттық оқу бағдарламасын, оқу автокөлігін есепке алуды тексеруге болады. Сондай-ақ олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тетіктерін енгізуді көздейтін жол жүрісі туралы заңға өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда», – деді  ¤ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оқи отырыңыз: Павлодарда көпір тағы өртенді

Новости партнеров