Зардап шеккендер жоқ
Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағы өртеніп, 32 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның 13-і бала. Оқиға Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, жерасты тұрақта электр сымдары мен автокөлік дөңгелектері өртеніп, қою түтін ғимарат ішіне тараған.
Өрт сөндірушілер жедел жетіп, іске кіріскен. Зардап шеккендер жоқ. Тек төрт автокөлікке зақым келген.
Оқи отырыңыз: Қауіпсіз үй: 7 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылды