Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымынан босатылды

09.01.2025 16:15

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Азамат Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, сол министрлікте сараптама және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау департаменті бастығының орынбасары, Заңнама басқармасының бастығы болды.

Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ заң қызметі бөлімінің бас менеджері, Әділет министрінің көмекшісі, Премьер-министр Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін де атқарған.  

2023 жылғы 4 қаңтардан бастап – ҚР Әділет министрі.

Оқи отырыңыз: Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясының атқарған жұмысы туралы есеп берілді