Сот отырысында уақытша үзіліс жарияланды
Перизат Қайрат ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында уақытша үзіліс жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сот процесі кезінде айыпталушының анасы Ғайни Алашбаева қан қысымының көтерілгенін айтып, денсаулығына шағымданған. Осыған байланысты судья отырысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Ал үзіліске дейін бірнеше жәбірленуші жауап беріп үлгерген. Солардың бірі - Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторы Жанерке Сатқымбекова. Оның сөзінше, былтыр 10 сәуірде ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер ақша жинап, “Biz Birgemiz ” қорына 3 миллион теңгеге жуық қаражат аударыпты.
«Барлығын сот анықтайды деп ойлаймын. Қарапайым халық, ұстаздар, оқушылар үш күн ұйықтамай, бәліш пісіріп, жәрмеңке ұйымдастырып, қаражат жинадық. Маған да бұл ауыр тиді», – деді жәбірленуші Жанерке Сатқымбекова.
Оқи отырыңыз: Перизат Қайраттың қорына кімдер ақша аударған