БАӘ-де тоқтатылған рейс жолаушылары Оман арқылы арнайы рейспен Алматыға келеді

09.03.2026 17:24

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады

Almaty.tv

Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:

KC2264 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
KC2258 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.
KC2254 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.

Жергілікті уақыт көрсетілген.

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

 Оқи отырыңыз: Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан елге 7300 адам жеткізілді – ҚР СІМ