Баян Алагөзова мен атақты модель Винни Харлоу қайда кездесті

12.06.2026 19:10

Отандық продюсер ерекше сырт келбетімен танылған Винни Харлоумен бірге түскен фотосын жариялап, желіні шулатты

instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram желісіндегі жеке парақшасында канаддық супермодель және белсенді Винни Харлоумен бірге түскен эксклюзивті фотосын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Отандық шоу-бизнес жұлдызы әлемдік деңгейдегі модельмен түскен суретінің астына көп сөз жазбаған. Ол тек: «Ғажайып Винни Харлоумен бірге», – деген қысқаша сипаттамамен шектелді. Алайда бұл қызықты кездесудің нақты қай жерде және қай елде өткенін Баян Алагөзова нақтыламады.

Айта кетейік, Винни Харлоу – әлемге әйгілі «Топ-модель по-американски» жобасының 21 маусымы арқылы танылған канаддық топ-модель. Ол тері пигментациясының бұзылуына (витилиго) қарамастан, сән әлемінде теңдессіз мансап құрып, миллиондаған адамға мотивация берген ерекше тұлға ретінде белгілі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуы өтіп жатыр